Біз әлемдегі жетекші өндірушілер Delta Plus, BW technologies by Honeywell, Rae systems by Honeywell, Honeywell Analytics , DuPont, Portwest, Red Wing, Bollé Safety, Calgaz, Blackline Safety, Giordani Giancarlo, ergodyne, Hughes Safety, TUFFKING, National Safety Apparel, Pyramex, Wolf safety, 3M Scott Safety, Plum, Thermopatch, base by Portwest, G. B. Industries - Novax сияқты компаниялармен және өзіміздің стратегиялық серіктестермен бірлесе жұмыс жасаймыз. Бұл бізге өндірістегі қызметкерлер өмірін жоғары деңгейде қорғау үшін заманауи және жоғары сапалы шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Біздің жұмысымыздың негізі - кәсіпқойлық, жауапкершілік, сенім және тұтынушыға бағытталған қызмет. Біз 350-ден астам қызметкерден тұратын командаға және бүкіл Қазақстан бойынша 7 офистен тұратын желіге сүйене отырып, нарықтағы өз позициямызды белсенді түрде дамытып, әрі нығайтып отырамыз. Соңғы 5 жылда біздің компания ел бюджетіне 12,6 миллиард теңге салық төледі, бұл біздің әлеуметтік жауапкершілік пен орнықты даму қағидаттарына бейімділігімізді байқатады.
Бүркіт Сэйфти - 25 жылдық тәжірибесі бар Қазақстандағы жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) жетекші өндірушісі және жеткізушісі. Біздің миссиямыз - сапалы және инновациялық ЖҚҚ ұсына отырып, өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал ету.
Біз өзіміздің өндірістік қуаттылығымызды дамытамыз және сапалы ЖҚҚ жеткізуді қамтамасыз етеміз, бұл бізге - клиенттеріміздің қажеттіліктеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Біздің өндіріске ЖҚҚ шығаратын тігін фабрикасы және Honeywell BW Clip және BW FLEX газ детекторларының өндірістік желісі кіреді, осы жұмыстарды үйлестіре ұйымдастырудың арқасында біз бүкіл Қазақстан бойынша өнімді жылдам жеткізудің жоғары деңгейіне қол жеткіздік.